Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2000 жылғы 9 ақпандағы N 20 өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2000 жылғы 22 қыркүйек N 118-ө. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.24. N 228 өкімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Z970151_ Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеруіне қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына мыналар ұсынылсын:
      1. Еңбекақы төлеу қоры үнемделген жағдайда сыйлықақы беру және лауазымдық жалақыға үстеме белгілеу кезінде мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеу мүмкіндіктері көзделсін.
      2. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеуге

 

ұсынуға қызметтік міндеттерін тұрақты түрде орындау процесінде нормативтік

құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу, келісімдер, шарттар,

есеп-статистикалық, қаржылық, техникалық, өзге де қызмет құжаттамасы мен

хат-хабарларды мемлекеттік тілде әзірлеу жөніндегі табысты қызмет негіз

болып саналсын.


     Премьер-Министр



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.