Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2025

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796 P990796_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасындағы:
      реттік нөмірі 12-жолдағы 4-бағандағы "Мемлекеттік сатып алу жөніндегі

 

агенттік" деген сөздер "Астана қаласының ЕЭА әкімшілік кеңесі" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     реттік нөмірі 21-жолдағы 4-бағандағы "Президенттің Іс Басқармасының

резерві" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу

жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.