"Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ-ның заемы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2022

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1999 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2000 жылдың 7 қаңтарына дейін қоса есептегенде 1 816 000 000 (бір миллиард сегіз жүз он алты миллион) теңге сомасына процентсіз заем беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген

 

тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шарттарда заем туралы

келісім жасассын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының    

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Икебаева А.Ж.