Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 1112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 желтоқсан N 1911. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      1. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін. 
      2. 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) 1972 жылғы 21 шілдедегі Қазақ ССР Заңымен бекітілген Қазақ ССР-нің Еңбек туралы заңдар кодексі (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1972 жылғы 31 (917)-нөмірге қосымша; 1973 ж., N 51; 1974 ж., N 37; 1977 ж., N 11; 1980 ж., N 12; N 24; N 45, 141-құжат; 1982 ж., N 2, 25-құжат; 1983 ж., N 46, 500-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; N 28, 275-құжат; N 49, 507-құжат; 1987 ж., N 18, 227-құжат; N 43, 518-құжат; 1988 ж., N 16, 160-құжат; N 27, 277-құжат; 1989 ж., N 49, 445-құжат; 1990 ж., N 43, 404-құжат; N 44, 410-құжат; N 50, 467-құжат; 1991 ж., N 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советінің Жаршысы, 1992 ж., N 6, 112-құжат; N 13-14, 316-құжат; 1993 ж., N 3, 41, 56-құжаттар; 1994 ж., N 9-10, 147-құжат; 1995 ж., N 21, 126-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 66-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 235-құжат); 
      2) "Қазақ ССР-нің Еңбек туралы заңдар кодексін бекіту туралы" 1972 жылғы 21 шілдедегі Қазақ ССР Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1972 ж., N 31, 31(917)-нөмірге қосымша). 
      3. Қазақстан Республикасының заңдарын "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіргенге дейін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек заңы актілері "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмесе қолданыла береді.
      4. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындайтын еңбек құқығы қатынастарына қолданылады.      

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті