Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қараша N 1767

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Z934000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат):
      10-баптың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;
      12-баптың үшінші бөлігіндегі "Уақытша тұрғын жай жалдағаны үшін белгілі бір аймақта осы мақсатқа жұмсалған нақты шығынды ескере отырып және белгіленген тұрғын үй нормаларына сәйкес оларға ай сайын жәрдемақы төленеді. Жәрдемақының мөлшері мен төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздер алып тасталсын.
      2. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Z934100_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат; 1998 ж., N 22, 308-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; 1999 жылғы 28 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 26 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мәслихаттар депутаттарының саны мәселелері бойынша кейбір

заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 шілдедегі  

Z990442_

  
Қазақстан Республикасының Заңы):
     22-баптың он бірінші бөлігі алып тасталсын.
     3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 
ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707  

U952707_

  
заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 
1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 
1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 
23, 
416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар):
     26-баптың 1-тармағындағы "Бұған қоса оларға сыйақылар мен материалдық 
көмек төленеді" деген сөздер алып тасталсын;
     30-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
     4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 
Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 
 

Z952710_

  заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 
Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 
416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат):
     13-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Багарова Ж.А.