1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 P990592_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережедегі: 18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр Кеңсесінің мына қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады: 1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары; 2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері; 3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері; 4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары; 5) бас инспекторлары. Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады."; 20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.