Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін рұқсат алу рәсімдерінен өтудің бірыңғай республикалық ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 қазан N 1562. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде қайтадан дауыс беруді уақытылы өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы кезінде қайтадан дауыс беруді өткізуді қаржыландыруға 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына бөлінген қаражатты тиісті аумақтық сайлау комиссиялары бойынша бөлуді жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комиссиясына, сайлау комиссияларына бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын заңдарда көзделген бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.