"Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 қазан N 1545

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.11.28  N 95 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы) Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (Абдулкаримов С.Х.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап осы қаулыны және бекітілген Ережелерді төлем жүйесін пайдаланушылардың бәріне жіберсін.
      3. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1995 жылғы 19 қазандағы N 177 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелері арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктері арасында электронды төлемдер алмасқан кезде бағдарлама-криптографиялық қорғау жүйесін қолдану тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер әзірлеп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына ұсынсын.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
1999 жылғы 07 қазандағы   
N 325 қаулысымен бекітілген 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан
банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығына ие Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем
жүйесін пайдаланушысының жұмыс орнының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету
ЕРЕЖЕСІ

  1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Ақша төлемi мен аударымы туралы ", " Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйесін (бұдан әрі - төлем жүйесі) пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
      Осы Ереженің нормалары төлем жүйесінің барлық пайдаланушыларының орындауы үшін міндетті.
      Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) алынып тасталды ;
      2) негізгі ақпарат - криптографиялық кілттер немесе ақпаратты криптографиялық қайта құруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа ақпарат;
      3) рұқсат етілмеген кіру - ақпараттық және бағдарламалық ресурстарға кіруге құқықтары жоқ тұлғалардың ақпараттық және бағдарламалық ресурстарға кіруі;
      4) қауіпсіздік офицері - төлем жүйесінің ақпаратты төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында рұқсат етілмеген кіруден қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешенін орнатуды және жұмысын қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қабілетін бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкері;
      5) төлем жүйесін пайдаланушы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
      6) рұқсат етілмеген кіруден қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешені - компьютерлерді бөгде тұлғалардың пайдалануынан қорғау, орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің және деректердің тұтастығын бақылау, сондай-ақ тіркелген пайдаланушылардың ақпарат ресурстарына кіру жөніндегі өкілеттіктерін шектеуге арналған жүйе;
      7) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны - төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютер;
      8) төлем жүйесінің қауіпсіздік қызметі - "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпарат ресурстарының қауіпсіздігін және қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше;
      9) кіруді тіркеу құралдары - объектілерге кіру туралы ақпаратты белгілеуге мүмкіндік беретін техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдар;
      10) төлем жүйесінің терминалы - төлем жүйесіне кіруді қамтамасыз ететін, төлем жүйесін пайдаланушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орнатылатын бағдарламалық қамтамасыз ету;
      11) кілттерді бөлу орталығы - негізгі ақпаратты жинау, тарату немесе жасау кезінде белгілі бір технологиялық рәсімдерді жүзеге асыратын ұйым.
      Ескерту: 1-тарау жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 , 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 5 қаулысымен .

  2-тарау. Жұмыс орнын орналастыру

      Ескерту: 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      1. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орыны арнайы бөлінген үй-жайда орналастырады.

      2. Орналасқан жеріне, арнаулы жабдыққа және төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны ұйымдастырылған үй-жайдың қорғауына, сол үй-жайға қол жеткізуге рұқсат берілмеген тұлғаларға төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына бақылаусыз дендеп кіру мүмкіндіктерді шығарып тастауға тиіс.

      3. Үй-жай бақыланбалы аймақта тұруы қажет, бекем кіретін есіктерге сенімді құлыптар орнатылып қол жеткізуді тіркеу құралдары болуы қажет. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны орналасқан үйден 50 метр радиуста күзетілетін және бақыланатын аймақ болмаған жағдайда, бөлмеге электромагниттік арналар бойынша ақпараттың жария болмауынан қорғайтын құралдар орнатылуға тиіс. Үй-жайлар бірінші және соңғы қабаттарда орналасқанда, сондай-ақ терезелерге жақын орналасқан балкондар, өрт басқыштары және т.б., үй-жайлар терезелерді торлармен жабдықтауға керек. Үй-жайлардың есіктері мен терезелері күзет дабылдамасымен жабдықтауға қажет.
      Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 28 ақпандағы N 61 қаулысымен .
 

      3-1. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын жаңа орынға ауыстырған жағдайда төлем жүйесін пайдаланушы пайдаланылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) хабарлайды.
      Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 5 қаулысымен .

  3-тарау. Ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз
етуді рұқсат етілмеген кіруден қорғау

      Ескерту: 3-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      4. Төлем жүйесінің терминалы осы мақсат үшін арнайы бөлінген, конфигурация, онда орнатылған аппараттық және бағдарламалық құралдар жөніндегі нақты деректері бар паспорты бар дербес компьютерде орнатылады.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .      

      5. Төлем жүйесіне байланысты емес арнаулы міндеттерді шешу - электронды құжатты дайындау, өңдеу, беру, жүргізу үшін іс-қимылдардан басқа бағдарламалық құралдарды төлем жүйені пайдаланушының жұмыс орнында орнатылуға рұқсат берілмейді.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      6. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғайтын бағдарламалық-аппараттық кешені болуы тиіс, оның ішіне пайдаланушыларды тану құралдары, және пайдаланушылардың қимылдарына және төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қол жеткізу уақиғаларды бақылау мақсатында электронды құжаттарды сақтау мерзімінде электронды журналдар жүргізілетін мүмкіншілігі кіреді.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      7. Ақпараттық жүйелерге кірер алдында пайдаланушының сәйкестендіру бір жүйелі атына бір жеке адамның сәйкестелуі қажет.

      8. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын қамтамасыз ететін құралдары болуы тиіс. Құралдар тұтастығының бұзылғаны туралы күдік болған немесе тұтастығының бұзылғаны туралы ескертулер алынған жағдайда төлем жүйесiнiң қауiпсiздiк қызметiне жедел хабарлау қажет.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен

      9. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының жүйелі блогы мөрленіп немесе пломба салынуға тиіс.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      10. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қол жеткізуді қаматамасыз ететін техникалық құралдарының, парольдерінің, код сөздерінің немесе өзге ақпараттың пайдалану және сақтау тәртібі рұқсат етілмеген пайдалану мүмкіндіктерді шығарып тастауға тиіс.

      11. Рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғайтын құралдарға әкімгер құқықтары тиісті өкілеттіктері бар төлем жүйесін пайдаланушының қауіпсіздік офицеріне ғана берілу қажет.

      12. Төлем жүйесін пайдаланушының ақпараттық жүйесінде дайындалған электронды құжаттарды төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына беру технологиясы (электронды құжаттар беру анықталған тәртібі) сол электронды құжаттарға рұқсат етілмеген қол жеткізу мүмкіндіктерді шығарып тастауға тиіс.

      13. Ресурстарға қол жеткізу тәртібі (диск кеңістігі, директориялар, жүйелі ресурстар, деректер қоры және т.б.) бөлінген төлем жүйесіне беру үшін олардың ішіне ақпаратты қорлану үшін, төлем жүйесінен ақпарат алу, сақтау, мұрағаттау немесе ақпаратты өзге өңдеп сол ресурстармен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген тұлғаларға қол жеткізу мүмкіндіктерді шығарып тастауға тиіс.
 

      13-1. Төлем жүйесін пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында байланысты жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етуге, рұқсат етілмеген кіруден қорғаудың бағдарламалық-аппараттық кешеніне, сондай-ақ төлем жүйесін пайдаланушының ақпарат жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды өткізу технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайда төлем жүйесін пайдаланушы пайдаланылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке хабарлайды.
      Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 5 қаулысымен .

  4-тарау. Негiзгi ақпаратты сақтау және пайдалану

      Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      14. негізгі ақпарат сыртқы иесінде (дискета, пластикалық карточка және т.б.) болуы тиіс.

      15. Негізгі ақпаратты сыртқы иесінде сақтау және пайдалану тәртібі оларға рұқсат етілмеген қол жеткізуден мүмкіндіктерді шығарып тастауға тиіс.

      16. Негізгі ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат етілген тұлғалар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақпарат сақталуына және жарияланбауына дербес жауап береді.

      17. Негізгі ақпаратты сыртқы иесінде сақтау үшін үй-жайдың ішінде сенімді болып бекіте алатын құрылғылармен жабдықталған жағдандар орнатылуы тиіс.

      18. Жұмыс күні біткен соң негізгі ақпаратты сақтау сыртқы иелері жағдандарда болуға тиіс.

      19. Негiзгi ақпаратқа қол жеткiзуге рұқсат етiлген қызметкерлер жұмыстан босатылған жағдайда, негiзгi ақпаратты беделiн түсiрген немесе беделiн түсiру әрекеттер болған жағдайларда негiзгi ақпаратты жоспарланбай ауыстыру қажет. Негiзгi ақпаратқа қол жеткiзе алатын қызметкер жұмыстан босатылған күнiнен, немесе бұрыннан, жаңа негiзгi ақпарат iске қосылады.

      20. Тыйым салынады:
      1) негiзгi ақпарат иесiнен рұқсат етiлмеген көшiрмелердi түсiру;
      2) негiзгi ақпарат иесiнiң мазмұнымен таныстыру және қол жеткiзiлмейтiн тұлғаларға негiзгi ақпарат иесiн тапсыру;
      3) негiзгi ақпаратты дисплейге не принтерге шығару;
      4) жүйенiң жұмыс iстеуiнiң көзделмеген тәртiптемесiнде негiзгi ақпарат иесiн оқитын құрылғысына тұрғызу;
      5) негiзгi ақпараттың сыртқы иесiне өзге ақпаратты жазуға.

  5-тарау. Қызмет көрсетушi қызметкерлердiң
жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту: 5-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      21. Төлем жүйесiн пайдаланушы шығаратын бұйрықта анықталады:
      1) төлем жүйесiндегi жұмыс iстейтiн тәртiптемесi (жұмыс уақыты, үзiлiс уақыты, кешкi сағаттарда жұмыс iстеу тәртiбi, демалыс және мейрам күндерде жұмыс iстеу тәртiбi және т.б.);
      2) төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнына қол жеткiзе алатын қызметкерлер тiзiмi;
      3) негiзгi ақпаратпен сыртқы иелерге қол жеткiзе алатын қызметкерлер тiзiмi;
      4) төлем жүйесiндегi электронды құжаттарды қабылдауға және беруге рұқсат берiле алатын қызметкерлер тiзiмi;
      5) ерекше жағдайларда төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнына қол жеткiзе алатын қызметкерлер тiзiмi;
      6) қауiпсiздiк офицердiң мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер тiзiмi;
      7) төлем жүйесiне берiлген және төлем жүйесiнен қабылдап алынған барлық электронды құжаттардың сақтауын және мұрағаттауын жүзеге асырайтын қызметкерлер тiзiмi.

      22. Төлем жүйесiн пайдаланушының iшкi ережелерiмен анықталады:
      1) қол жеткiзуге мiндеттi тұлғаның және төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орны орналасқан үй-жайға қол жеткiзуге тәртiбi мен бақылаудың процедуралары;
      2) төлем жүйесiне берiлген және төлем жүйесiнен қабылдап алынған барлық электронды құжаттарды сақтаудың және мұрағаттаудың тәртiбi мен процедуралары, сондай-ақ сол мұрағатқа қол жеткiзу тәртiбi;
      3) төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнының жүйелi блогiндегi мөрлер немесе пломбалардың тұтастығы бойынша бақылау процедуралары.
      Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      23. Төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнына қол жеткiзе алатын қызметкерлерiне төлем жүйесiн пайдаланушының iшкi ережелерiмен және нұсқаулықтарымен анықталады:
      1) нақты мiндеттерi мен өкiлеттiктерi;
      2) төлем жүйесiнiң хабарларды беруге не қабылдауға рұқсат беру тәртiбi;
      3) еңбек демалыстарға, жұмыстан босатқанға және орнын басуға сияқты уақытша жоқ болмаған жағдайлардың тәртiбi;
      4) барлық келгендер, кеткендер, орнын басқандар, жоқ болғандар, кезектердi табыстау туралы, ерекше жағдаймен қол жеткiзiп үй-жайға келген тұлғалар туралы толық ақпараттар (күнi, уақыты, аты-жөнi, лауазымы, келудiң мақсаты, қолы) тiркеу тәртiбi;
      5) негiзгi ақпаратпен сыртқы иесiнiң сақтау тәртiбi;
      6) ескірiп қалған негiзгi ақпарат пайдалана тұра қол қойылған немесе шифрленген электронды құжаттар сақталатын мерзiмiнiң iшiнде ескірiп қалған негiзгi ақпаратты сақтау тәртiбi;
      7) негiзгi ақпарат пайдаланған ұзақтығы мен шындығы туралы толық ақпараттар (күнi, уақыты, аты-жөнi, лауазымы, келудiң мақсаты, қолы) тiркеу тәртiбi;
      8) төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнына қол жеткiзе алуды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, код сөздердiң парольдерi және өзге ақпараттың сақтау және пайдалану тәртiбi.

      24. <*>
      Ескерту: 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 2 ақпандағы N 6 қаулысымен .

      25. Төлем жүйесiнде жұмыс iстеуге рұқсат берiлген қызметкерлерден құпия ақпараттарды, негiзгi ақпараттары мен парольдi жарияланбау, таратылмау жөнiнде мiндеттеме алу қажет.

      26. Төлем жүйесiнде жұмыс iстеуге рұқсат берiлген қызметкерлер келесi санаттарға бөлiнуге тиiстi:
      1) әкiмгер, меншiктi ашық және құпиялық кiлттердi тiкелей шығарып, кiлттердi бөлу орталығында кiлттердiң тiркеудi жүзеге асырады, кiлттердi бөлу орталығында меншiктi тiркелген кiлттердi пайдаланып, сондай-ақ өңдеуге - төлем жүйесiне хабар беруге және төлем жүйесiнен қабылдап алуға рұқсат бередi;
      2) оператор (әкiмгердiң орнын басатын тұлға), хабардың тiкелей дайындауын, беруiн және қабылдауын жүзеге асырады;
      3) қауiпсiздiк офицерi, төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс орнына қол жеткiзiлген қызметкерлердiң тiркеу және қауiпсiздiк талаптардың орындалуына бақылау жұмысын жүргiзу мiндеттердi атқарады.

      27. Ағымдағы және жедел қауiпсiздiк туралы мәселелер шешу қажеттiлiгi болса әкiмгер қауiпсiздiк офицерiмен бiрге төлем жүйенiң қауiпсiздiк қызметiмен өзара бiрiгiп шешедi.

  6-тарау. Төлем жүйесiн пайдаланушының жұмыс
орнын аттестациялау

      Ескерту: 6-тарау (28-34 тармақтар) алынып тасталды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 5 қаулысымен .

7-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту: 7-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 5 қаулысымен .

      35. Төлем жүйесін пайдаланушының осы Ережелерде белгіленген шарттарды және талаптарды сақтауын тексеру "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      36. Осы ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      Ұлттық Банкi
      Төрағасы