Бюджет қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындарға және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдарға жалақы және басқа да ақшал

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1464

      Мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру және үкiметтiк қарыз алуды тарту процестерiн реттеу мониторинг пен есепке алуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның функциялары, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген

 

тәртiппен:

     1) Комитеттi таратуды жүзеге асырсын;

     2) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн осы

қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

     3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Сырттан қарыз алу

жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1999 жылғы 14 мамырдағы N 574 


P990574_


  қаулысының (Қазақстан Республикасының

ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 19, 201-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.