Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қыркүйек N 1448. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Республикалық меншік объектілерін коммуналдық меншікке беру жөніндегі

 

жұмыстарды жандандыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы

етеді:

     1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы

органдарына коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыруға

уәкілеттік берілсін.

     2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан

туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.