Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 қыркүйек N 1391. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 11 тамыздағы N 1131  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгізсiн: 
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде:
      16-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның ішінде төрағаның бiр орынбасары - "Байқоңыр" космос айлағы басқармасының бастығы, болады.";
      18-тармақтың 1) тармақшасындағы "өзiнiң орынбасары" деген сөздер "өзiнiң орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі