"Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 тамыз N 1178

      Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң қызметiне ақпараттық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету және ұлттық деректi фильмдердi шығаруды кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекеттің жүз проценттiк қатысуымен "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi" коммерциялық емес жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - ЖАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiнде өзiн уәкiлетті орган етiп айқындау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасымен бiрлесiп заңдарда белгіленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiң жарнасы ретiнде қайта ұйымдастырылатын "Қазақстан

 

Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi" мемлекеттік мекемесiнiң

мүлкiн ЖАҚ-тың жарғылық капиталына берсiн;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi қайта ұйымдастыру

рәсiмдерiн жүргiзсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.

     Омарбекова А.