Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 тамыз N 1169. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.06. N 1675 қаулысымен. ~P001675

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ережені әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 P981314_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 440-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi-мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсетiн болсын";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты

есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ереженi әзiрлеу 
жөнiндегі нұсқаулықта:
     2-тармақта:
     "олардың көлемiн көрсете отырып" деген сөздер алынып тасталсын;
     "қаржыландыру кезiнде қолданылатын әрбiр бағдарлама бойынша есеп 
айырысу принциптерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 4-бөлiммен және 7-тармақпен толықтырылсын:
     "4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi 
     7. Бұл тарауда мемлекеттік тапсырыстың сапалы орындалуының 
көрсеткiштерi болып табылатын өлшемдер көрсетiледi. ".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.
     Омарбекова А.