Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы 659 P990659_ қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-1 жолмен толықтырылсын:
"205-1 "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ЖАҚ.
2. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі N 443 P990443_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 14, 136-құжат) күші жойылды деп
танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті осы қаулыға сәйкес "Азық-түлік келісімшарт
корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акциялары пакетінің берілуін
қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.