Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аграрлық бейіндегі мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1017

      "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын Бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын iске асару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң аграрлық бейiндегi мекемелерi қосымшаға сәйкес қайта құру жолымен республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi:
      1) агроөнеркәсiп кешенi салаларында ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге бағытталған iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу;
      2) ауыл шаруашылығында табиғатты пайдаланудың ұтымды ғылыми негіздерiн әзiрлеу;
      3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге, ұқсатуға және сақтауға арналған ресурс үнемдейтiн жаңа технологиялар, машиналар мен жабдықтар жасау;
      4) ғылыми жетiстiктер мен бiлiмдi насихаттау және тарату болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі Кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган деп белгіленсiн.
      4. "Батыс Крзақстан орман шаруашылығы тәжiрибе станциясы" мен "Қостанай орман шаруашылығы тәжiрибе станциясы" мекемелерi таратылсын, тарату рәсiмдерi жүргiзiлгеннен кейiн калған мүлкi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң "Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институт филиалдарымен" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi заңда белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 4-тармағында аталған мекемелерге қатысты тарату рәсiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) Кәсiпорындардың жарғысын бекiтсiн;
      3) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн екi ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар колдансын.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                 Қазақстан Республикасы
                                      Yкiметiнiң
                                 1999 жылғы 20 шілдедегі
                                    N 1017 қаулысына
                                      қосымша

         Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары
       бiлiм министрлігінің кұрылатын республикалық
          мемлекеттiк казыналық кәсiпорындарының
                         тiзбесi

      1 Қазақ ауыл шаруашылық техникасын пайдалану және жөндеу
       технологиялық ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы,
       Алексеевка қаласы)

     2 Еңбек Қызыл Ту Ордендi А.И.Бараев атындағы Қазақ астық
       шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы
       Шортанды ауданы)

     3 Қазақстан Республикасы ұлттық академиялық аграрлық

       зерттеулер орталығы (Алматы қаласы)

     4 Қазақ мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институты (Алматы
       қаласы)

     5 Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру
       ғылыми-зерттеу институты (Алматы қаласы)

     6 Қазақ жемiс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу
       институты (Алматы қаласы)

     7 Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және
       электрлендiру ғылыми-зерттеу институты (Алматы қаласы)

     8 Қазақ мал азығын өндiру және жайылым ғылыми-зерттеу
       институты (Алматы қаласы)

     9 Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
       (Алматы қаласы)

     10 Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институты (Алматы
        қаласы)

     11 Алматы орман тәжiрибе станциясы (Алматы қаласы)

     12 Республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кiтапханасы
        (Алматы қаласы)

     13 Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу
        институты (Алматы облысы, Жамбыл ауданы)

     14 В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егiншiлiк ғылыми-зерттеу
        институты (Алматы облысы, Қарасай ауданы)

     15 Қазақ мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу
        институты (Алматы облысы, Қарасай ауданы)

     16 Қазақ картоп және көкөнiс шаруашылығы ғылыми-зерттеу
        институты (Алматы облысы, Қарасай ауданы)

     17 Қазақ өсiмдiк қорғау ғылыми-зерттеу институты (Алматы
        облысы, Қарасай ауданы)

     18 Қазақ құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Алматы
        облысы, Қарасай ауданы)

     19 Қазақ астық және оның өнiмдерiн өңдеу ғылыми-зерттеу
        институты (Астана қаласы)

     20 Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Атырау
        қаласы)

     21 Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
        институты (Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы)

     22 Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
        институты (Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы)

     23 Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы
        ғылыми-зерттеу институты (Қызылорда қаласы)

     24 Тың ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру
        ғылыми-зерттеу институты (Қостанай қаласы)

     25 Қостанай мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу станциясы (Қостанай
        қаласы)

     26 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
        (Қостанай облысы, Қостанай ауданы)

     27 Алтай орман тәжiрибе станциясы (Лениногорск қаласы)

     28 Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
        (Павлодар облысы, Павлодар ауданы)

     29 Солтүстiк Қазақстан мал шаруашылығы және мал дәрiгерлiк
        ғылыми-зерттеу институты (Солтүстiк Қазақстан облысы,
        Қызылжар ауданы)

     30 Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация
        ғылыми-зерттеу институты (Ақмола облысы, Щучинск қаласы)

     31 Қазақ сүт және ет өнеркәсiбi және конструкторлық
        ғылыми-зерттеу институты (Семей қаласы)

     32 Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Тараз
        қаласы)

     33 Академик К.И.Скрябин атындағы Жамбыл мал дәрiгерлiк
        ғылыми-зерттеу станциясы (Тараз қаласы)

     34 Батыс Қазақстан мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу станциясы
        (Орал қаласы)

     35 Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
        (Шымкент қаласы)

     36 Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
        институты (Шымкент қаласы)

     37 Оңтүстiк Қазақстан мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу станциясы
        (Шымкент қаласы)