Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1015. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 4157  Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы бекітілсін. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің 1999 жылғы    
20 шілдедегі         
N 1015 қаулысымен       
бекітілген          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық 
шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы

____________________________________________________________________
| N |         Іс-шаралар               |        Аяқтау нысаны
|___|__________________________________|____________________________
| 1 |Жеке бизнестегі қолма-қол ақша    |Үкіметінің қаулысы 
|   |айналысы саласын дәйекті түрде    |
|   |тарылту және төлем                |
|   |карточкаларын пайдалана отырып,   |     
|   |төлемдерді жүзеге асыру кезінде   |     
|   |қолданылатын жабдықтардың құнын   |     
|   |төмендету мақсатында Қазақстан    | 
|   |Республикасы Үкіметінің 14.04.97 ж.|    
|   |N 558  қаулысына тізбеге шеткері  | 
|   |құрылғылармен төлем карточкаларын |
|   |енгізу бөлігіне толықтыру енгізу  |
|___|__________________________________|____________________________
| 2 |Қазақстан Республикасы Президенті-|Заң жобасы
|   |нің "Салық және бюджетке төленетін|
|   |басқа да төлемдер туралы" 24.04.95|
|   | ж. N 2235 заң күші бар Жарлығына |
|   |есептіліктің қазіргі заманғы      |
|   |нысандарын енгізу процесін        |
|   |қолдау мақсатында электрондық     |
|   |көздерде кірістер мен мүліктер    |
|   |туралы декларациялар мен мәлімет- |
|   |тер берудің мүмкіндігін көздейтін |
|   |өзгерістер мен толықтырулар енгізу|
|   |туралы ұсыныс енгізу              |
|___|__________________________________|____________________________
| 3 |Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып,|Заң жобасы
|   |төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі|
|   |мен шарттарын реттеу, сондай-ақ   |
|   |мұндай төлемдердің сомалары       |
|   |бойынша шектеулер белгілеу мақса- |
|   |тында Қазақстан Республикасы Пре- |
|   |зидентінің "Қазақстан Республика- |
|   |сының Ұлттық Банкі туралы"        |
|   |30.03.95 ж. N 2155 заң күші бар   |
|   |Жарлығына және Қазақстан          |
|   |Республикасының "Төлемдер мен ақша|
|   |аудару туралы" 29.06.98 ж. N 237-1|
|   |Заңына өзгеріс енгізу.            |
|___|__________________________________|____________________________
| 4 |Меншік иелері мен акционерлердің  |Үкіметке есеп
|   |құқықтарын іске асыруды қамтамасыз|
|   |ету, ұйым қызметінің айқындылығын |
|   |белгілеу                          |
|___|__________________________________|____________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
|         Атқару мерзімі               | Атқарылуына жауаптылар
|______________________________________|____________________________
|1999 жылдың III тоқсаны               |Қаржы министрлігі,
|                                      |Энергетика,
|                                      |индустрия және сауда
|                                      |министрлігі      
|______________________________________|____________________________
|1999 жылдың IV тоқсаны                |Қаржы министрлігі,
|                                      |Мемлекеттік кіріс  
|                                      |министрлігі  
|______________________________________|____________________________
|1999 жылдың III тоқсаны               |Қазақстан Республикасының
|                                      |Ұлттық Банкі |                                      |(келісім бойынша) 
|______________________________________|____________________________
|Есепті жылдан кейінгі жылдың 10       |Қаржы министрлігі, салалық 
|сәуіріне дейін жылына бір рет         |министрліктер 
|______________________________________|____________________________