Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 шілдедегі N 957 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 шілде N 976. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 307 Қаулысымен

      Отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Z952368_ Жарлығының 20-бабына сәйкес мынадай уақытша шектеу енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының аумағынан 1999 жылдың 20 шілдесінен бастап 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 271000610-271000690) әкетуге тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен 
бірлесіп дизель отынын әкетуге арналған уақытша шектеулердің 
нәтижелері туралы 1999 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Үкіметін 
хабардар етсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
     5. Осы қаулы 1999 жылғы 20 шілдеден бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
     
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.