Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді;<*>
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 9 шілдедегі
N 951 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1119 қаулысымен .
3. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекет үлестік қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізілімі туралы ережеде:
5-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
4. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1129 қаулысымен .