Көкшетау өртке қарсы және апаттан құтқару жұмыстары жоғары училищесін қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 903

      Өзен мұнай кен орнын қалпына келтіру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының арасында беру және келісу туралы акті (Өзен мұнай кен орнын оңалтудың жобасы) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ораз Әлиұлы Жандосовқа

Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының, Халықаралық

Қайта құру және Даму Банкінің және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ

компаниясы" жабық акционерлік қоғамының арасында беру және келісу

туралы акті (Өзен мұнай кен орнын оңалтудың жобасы) жасасуға өкілеттік

берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.