Мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 876 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқаруға уәкілеттік берілген орган, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Кәсіпорынның негізгі міндеті энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын-үй шаруашылығы және Қазақстан Республикасының Президенті күзет қызметінің бөлімшелері тыныс-тіршілігінің басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның Жарғысын бекіту және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз ету;
      2) Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру;
      3) Кәсіпорындағы Күзет қызметінің әскери қызметшілері атқаратын қызметтердің тізбесін анықтау;
      4) Осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қабылдау ұсынылсын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі