Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Көкшетау өртке қарсы және апаттан құтқару жоғары училищесі" мекемесі "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі -Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мемлекеттік білім беру ұйымы ретінде Кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны өрттен және әскери құтқарушылар мамандықтары бойынша мамандар даярлау болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Заңдардың талаптарын ескере отырып:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
2) Кәсіпорынды әділет орындарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі