"Қазақстан стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 маусым N 743

     "Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 299 P990299_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Атырау облысының аумағы арқылы өтетін және "Энергоорталық - ЕС - Қазақстан" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларын заңдарда белгіленген тәртіппен Атырау облысының

 

коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



    Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.