Акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 маусым N 707. Қаулының күші жойылды - 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 20 сәуiрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi кеңесте айтқан тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 22 сәуiрдегi N 13 Хаттамалық шешiмiнiң 2-тармағының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында:
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасы министрлiктерінің, агенттiктерiнiң және ведомстволарының мемлекеттiк қызметшілерi үшін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгілеген кесте бойынша тиiстi лекциялар топтамасын оқытатын болсын;
      2) мемлекеттiк қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" U952370_ заң күшi бар Жарлығын, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Z980233_ , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267 Қазақстан Республикасының Заңдарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзге де заңдарды бiлуiн тексеру мақсатында министрлiктер мен агенттiктер басшыларының орынбасарларын, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларын, басшыларының орынбасарларын өз базасы негiзiнде компьютерлiк тестіден өткiзудi ұйымдастырсын және жүзеге асырсын;
      3) 1999 жылдың 5 маусымына дейiн тесттен өткiзудiң компьютерлiк бағдарламасына енгiзiлетiн сұрақтар тiзбесiн әзiрлесiн, бекiтсiн, сондай-ақ тест өткiзiлетiн мерзiмдердi белгiлесiн және оларды тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарласын;
      4) оқыту мен тест өткiзудiң қорытындылары туралы 1999 жылдың 15 шiлдесiне дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне хабарлайтын болсын.
      3. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, агенттiктерiнiң және ведомстволарының басшылары:
      1) осы өкiмнiң 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттiк қызметшiлердің сабақтарға және кейін компьютерлiк тестiден өтуге қатысуын қамтамасыз етсiн;
      2) өздерi басшылық ететiн мемлекеттiк органдардағы осы өкiмнiң

 

2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлмеген мемлекеттік қызметшiлердiң

бiлiмiн тексерудi дербес жүзеге асырып, нәтижелерi туралы Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне 1999 жылғы 30 шiлдеден

кешiктiрмей хабарласын.

     4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.


     Премьер-Министр



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.