Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 615 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің "Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Астана қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорнын және Алматы қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы жер ресурстары және жерге орналастыру еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бұрын қабылданған Үкіметтің шешімдерін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалаиева Н.
      Омарбекова А.