Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі N 883 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 мамыр N 608. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1754 қаулысымен. ~P991754

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігін Астана қаласына орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 289 P990289_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 2-тармақтағы "сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтағы "мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме" деген сөздер " Қазақстан Республикасының басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бірінші абзацы "тұлға" деген сөзден кейін

"ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "5.  Министрліктің штаттық санының лимитін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын Қазақстан 
Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі бекітеді 
(бұдан әрі -Министр)";
     6-тармақта "Алматы қаласы, Республика алаңы, 4" деген сөздер 
"Астана қаласы, Кенесары көшесі, 83" деген сөздермен ауыстырылсын;
     7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "7. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
     8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады";
     19-тармақта:
     екінші абзац алынып тасталсын;
     үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Алқаның сандық және жеке құрамын министр бекітеді".
     2. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау 
министрлігінің Астана қаласындағы Өкілдігінің мәселелері" туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі N 883 
 

P980883_

  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 Оқығандар:
 Қобдалиева Н.   
 Омарбекова А.