"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының
заңына
өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
заңының
қабылдануына байланысты және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн аталған заңның нормаларына сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
1. Ұлттық комиссияның мынадай нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгізiлсiн:
1) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 10 қыркүйекте 365 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет туралы есеп берудiң тәртiбi және нысандары туралы
ережеге
:
12-тармақта:
төртiншi бөлiктегi "ақша қаражаттарының" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-қосымшада:
1.5 жолдағы "Ақша қаражаттары" деген сөздер "Ақшалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-қосымшада:
1.4 жолдағы "Ақша қаражаттары" деген сөздер "Ақшалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 641 нөмiрмен тiркелген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметтi жұзеге асыру
қағидаларына
:
2-тармақта:
3) тармақшадағы "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
3) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру
қағидаларына
:
14-тармақ алып тасталсын.
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің назарына жеткізсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері