"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 мамыр N 570

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттің жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін жерлері үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 174-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "4. Мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға өткізу кезіндегі жалға берудің жыл сайынғы төлемінің мөлшері тараптардың келісімімен (шартымен) тағайындалады деп белгіленсін.
     Жалға берудің төлем мөлшері мынадай шектерде белгіленеді:
     төменгі шегі - жер салығы мөлшерінің 80 проценті;
     жоғарғы шегі - жер салығы мөлшерінің 120 проценті;
     Жер салығының мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады";
     аталған қаулының 1 және 2-қосымшаларында:
     мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     міндетін атқарушы