Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 мамыр N 564


    Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 
шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған орындау жазбаларының негізінде 
берешектерді өндіріп алу даусыз тәртіпте жүргізілетін құжаттардың тізбесі 
бекітілсін.
     2. Қосымшаға сәйкес кейбір Үкімет шешімдерінің күші жойылды деп 
танылсын.
     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы
     


                                            Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы N 565 қаулысымен бекітілген


                  Орындау жазбаларының негізінде

           берешектерді өндіріп алу даусыз тәртіпте
                   жүргізілетін құжаттардың
                         Тізбесі
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. Мәтініндегі сөздер алынып тасталды- ҚР Үкіметінің 1999.06.22.
              N 815 қаулысымен.  

P990815_

 
     
                      1-тарау
           Несиеге сатылып алынған тауарлар
            үшін берешектерді өндіріп алу
     


      1. Сауда ұйымының сатып алушысы ұзақ уақыт пайдаланылатын

тауарларды несиеге (төлемді кейінге қалдыру арқылы) сатып алу кезінде 
берген тапсырма-міндеттеме (міндеттеме).
     Орындау жазбасын алу үшін:
     1) сатып алушының, берешектердің сомасы мен оны өтеудің 
мерзімдері туралы өндіріп алушының белгілері бар түпнұсқа 
тапсырма-міндеттемесі (міндеттеме);
     2) берешектің сомасы және оны төлеудің мерзімдері туралы борышкерге 
жолданған жазбаша ескерту ұсынылады.
<*>



                           2-тарау
            Жеке және заңды тұлғалардан жалға беру шарты
         бойынша оларға берілген мүлікті пайдаланғаны үшін
           ақы төлеу жөніндегі берешектерді өндіріп алу
     
     2. Жеке және заңды тұлғалардың оларға берілген мүлікті 
пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі берешектерін белгілейтін құжаттар.
     Орындау жазбасын алу үшін:
     1) жалға беру шарты, ал жалға берілген заттың құны шартты жасасу 
сәтінде бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жағдайда, өндіріп 
алуға жататын өндіріп алынатын сома көрсетіле отырып түбіршек;
     2) берешектің сомасы мен оны төлеу мерзімдері туралы борышкерге 
жолданған жазбаша ескерту ұсынылады.
<*>

     
                           3-тарау
          Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды жалдау шарттары
         бойынша, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен байланыс
                 қызметі үшін берешекті өндіріп алу
     


      3. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды жалдаушының жалдау ақысы, коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеу жөніндегі берешегін белгілейтін құжаттар.
      Орындау жазбасын алу үшін:
      1) өндіріп алушының мөрімен расталған жалдаушыға жолданған шоттың көшірмесі;
      2) берешектің сомасы мен оны төлеу мерзімдері туралы борышкерге жолданған жазбаша ескерту ұсынылады. <*>
      4. Тұрғын үйлердің меншік иелері немесе осы тұрғын үйлерді жалдаушылардың су құбырынан суды пайдаланғаны үшін коммуналдық және басқа да ұйымдарға берешегін белгілейтін құжаттар.
      Орындау жазбасын алу үшін:
      1) төленбеген шоттың өндіріп алушының мөрімен расталған көшірмесі;
      2) берешектің сомасы мен оны төлеу мерзімдері туралы борышкерге жолданған жазбаша ескерту ұсынылады. <*>
      5. Тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай және гараж кооперативтері мүшелерінің тұрғын үйді, саяжай құрылысын, гаражды ұстауға және пайдалануға арналған шығыстарды жабудың есебіне екі айдан артық кешіктірілген төлемдер бойынша берешегін белгілейтін құжаттар.
      Орындау жазбасын алу үшін:
      1) өндіріп алушының тұрғын үйді, саяжай құрылысын, гаражды ұстау мен пайдалануға арналған шығыстарды жабудың есебіне төлемдер бойынша берешегінің өтелмегендігі туралы белгісі бар шоттың, өндіріп алушы растаған көшірмесі;
      2) берешектің сомасы мен оны төлеу мерзімдері туралы борышкерге жолданған жазбаша ескерту ұсынылады. <*>
      6. Заңды және жеке тұлғалардың электр энергиясын пайдаланғаны

үшін, сумен, жылумен және газбен жабдықтау және басқа да коммуналдық 
қызметтер үшін берешегін белгілейтін құжаттар.
     Аталған қызметтердің түрлерін пайдаланғаны үшін берешекті өндіріп 
алуға орындау жазбаларын алу үшін жеке тұлғалар:
     1) беру шартын;
     2) борышкердің жеке шотынан көшірме;
     3) берешектің сомасы мен оны төлеу мерзімдері туралы борышкерге 
жолданған жазбаша ескертуді ұсынады.
<*>

     Аталған қызметтердің түрлерін пайдаланғаны үшін берешекті өндіріп 
алуға орындау жазбаларын алу үшін заңды тұлғалар:
     1) беру шартын;
     2) берешекті өтеу туралы талап етуді;
     3) 
<*>

     4) төлем құжатының не берешекті растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
     ЕСКЕРТУ. 6-тармақта 3-абзацтың 3)-тармақшасы алынып тасталды - ҚР     
              Үкіметінің 1999.06.22. N 815 қаулысымен.  

P990815_

 
     
     7. Заңды және жеке тұлғалардың байланыс қызметі үшін ақы төлеу 
жөніндегі берешегін белгілейтін құжаттар.
<*>

     Жеке тұлғалардың байланыс қызметтерiн көрсетудi пайдаланғаны үшiн 
берешектерiн өндiрiп алуға арналған орындау жазбасын алу үшін:
<*>

     1) байланыс қызметін көрсетуге шарт;
     2) борышкердің жеке шотынан көшірме;
     3) берешектің сомасы мен оны төлеу мерзімдері туралы борышкерге 
жолданған жазбаша ескерту ұсынылады.
<*>

     Заңды тұлғалардың байланыс қызметтерiн көрсетудi пайдаланғаны 
үшін берешектерін өндіріп алуға арналған орындау жазбасын алу үшiн:
     1) телекоммуникация қызметтерін ұсынуға арналған шарт;
     2) берешекті өтегені туралы талап;
     3) төлем құжатынан не берешекті растайтын құжаттан көшірме 
ұсынылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 
              1999.06.22. N 815 қаулысымен.  

P990815_

 
     
                            4-тарау
     
               Күтімді қажет ететін азаматтарды пансионаттарда,
                 интернаттарда, қарттар үйлерінде және басқа
                 да осыған ұқсас сипаттағы үй-жайларда ақылы
                      ұстау үшін берешекті өндіріп алу
     


      8. Пансионатқа, интернатқа, қарттар үйіне немесе тиісті халықты әлеуметтік қорғау органдарының осыған ұқсас сипаттағы басқа да үй-жайларына (бұдан әрі - пансионат) ақылы күтуге орналастырылған, күтімді қажет ететін азаматтарды заң бойынша асырауға міндетті адамның берешегін белгілейтін құжаттар:

     Орындау жазбасын алу үшін:
     1) пансионатқа орналастырылған, күтімді қажет ететін азаматтың 
оны ұстауға ақы төленгендігі туралы төлеу құжатынан көшірме;
     2) аталған адамдарды осы пансионатта ұстау үшін төлем шешімінен 
көшірме;
     3) берешектің сомасы және оны мерзімдері туралы борышкерге жолданған 
жазбаша ескерту;
<*>

     4) заң бойынша күтімді қажет ететін азаматты ұстауға міндетті 
адамның аталған азаматтарды пансионатта ұстауға ақы төлеуге келісімін 
растайтын құжат ұсынылады.

                             5-тарау
     
           Қайтарылмаған кітаптар мен баспа өнімдері үшін
            кітапханалардың талаптары бойынша берешекті
                           өндіріп алу
     


      9. Кітапханалардың жеке және заңды тұлғалардан, олар қайтарылмаған кітаптардың және басқа да баспа өнімдерінің нарықтық құнын он есе мөлшерде өндіріп алу туралы белгіленген тәртіппен айқындалған талаптары.
      Орындау жазбасын алу үшін:
      1) кітапханадан кітаптардың, баспа өнімдерінің берілгендігі фактісін растайтын, олардың мерзімінде қайтарылмағаны туралы белгісі бар құжат;
      2) оларды қайтару немесе тиісінше тең бағалы кітаптармен, баспа өнімдерімен ауыстыру туралы, сондай-ақ оларды қайтармаған немесе ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың нарықтық құнының он еселенген мөлшерінде өндіріп алынатындығы туралы жазбаша ескерту;
      3) кітаптарды, баспа өнімдерін қайтармаған немесе ауыстыру

мүмкіндігі болмаған жағдайда берешекті өндіріп алу туралы жазбаша 
ескертудің тапсырылғандығы туралы құлақтандыру;
     4) қайтарылмаған кітап немесе баспа өнімі сирек кездесетін 
библиографиялық құндылық болып табылатын жағдайларда, қайтарылмаған 
кітаптың, баспа өнімінің құнын растайтын құжат немесе букинистік 
дүкеннің анықтамасы ұсынылады.
     
                            6-тарау
     
                 Ішкі істер органдарының талаптары
                    бойынша берешекті өндіріп алу
     


      10. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаның орындалуын басқаратын органдардың түзеу жұмыстарын өтеп жатқан адамдардың жалақысынан ұсталған сомалардың аударылуын ұзақ (бір айдан астам) кешіктіруге жол берген заңды тұлғалардың қаражаттарынан өндіріп алу туралы талаптары.
      Орындау жазбасын алу үшін:
      1) түзеу жұмыстарына сотталған адамға үкімнің көшірмесі;
      2) түзеу жұмыстары түріндегі жазаның атқарылуын басқаратын

органның түзеу жұмыстарын өтеп жатқан адамның жұмыс орны бойынша жолдаған 
хабарламасы;
     3) есеп айырысу мәліметтері (жұмыс істелген күндерінің саны, 
жалақысының жалпы сомасы, жалақыдан ұстау пайызы, барлық ұсталғаны, 
барлық аударылғаны, аударылған күні және төлем тапсырмасының нөмірі) 
көрсетілген ай сайынғы жалақысы туралы анықтама ұсынылады:
     11. Айықтырғышқа түскен адамдарға медициналық көмек көрсетілгені 
үшін берешекті белгілейтін құжаттар.
     Атқару жазбасын алу үшін осы шоттың бірінші данасын алғаны туралы 
оның қолхатымен бірге, борышкер төлеуге тиісті сомаға шоттың көшірмесі 
ұсынылады.
     
                          7-тарау
     
             Еңбек қатынастарын туындайтын негіздер
                 бойынша берешекті өндіріп алу
     
     12. Қызметкердің жалақысының есебіне берілген, өтелмеген авансты, 
жолақы мен тәуліктік шығыстарды қайтару міндетін белгілейтін құжаттар.
     Орындау жазбасын алу үшін:
     1) жалдамалы қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек 
шарты;
     2) қызметкердің өндіріп алынатын соманы алғандығы туралы қолхаты;
     3) берешектің сомасы мен оны төлеу мерзімдері туралы борышкерге 
жолданған жазбаша ескерту ұсынылады.
<*>

      13. Қызметкердің өзіне берілген және жұмыстан босаған кезде

қайтарылмаған мүлік үшін заңды тұлғаға берешегін белгілейтін құжаттар.
     Орындау жазбасын алу үшін:
     1) жалдамалы қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған 
еңбек шарты (келісім, келісім шарт не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың 
көшірмесі);
     2) қызметкердің мүлікті, ақшаны алғандығы туралы қолхаты;
     3) мүліктің құны туралы басшы мен бас (аға) бухгалтер қол қойған, 
мүліктің құнын растайтын құжат;
     4) қызметкерді жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі;
     5) берешектің сомасы мен оны төлеудің мерзімі туралы борышкерге 
жолданған жазбаша ескерту ұсынылады.
<*>


                         8-тарау
               Заңды тұлғалардың арасында жасалған
              шарттар бойынша берешекті өндіріп алу
     
     14. Заңды тұлғалардың арасында жасалған шарт бойынша берешекті 
белгілейтін құжаттар.
     Орындау жазбасын алу үшін:
     1) заңды тұлғалардың арасында жасалған шарт;
     2) берешекті өтеуді талап ету;
     3) төлем құжатынан не берешекті растайтын құжаттан көшірме.
<*>

     4) 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 815          
              қаулысымен.  

P990815_

 
     
                       9-тарау
         Заттарды ломбардқа кепілге салу туралы
         шарттар бойынша берешекті өндіріп алу
     
     15. Жеңілдікті бір айлық мерзімнің аяқталуы бойынша заттардың 
кепілімен қамтамасыз етілген несиенің қайтарылмаған сомасы жөніндегі 
берешекті белгілейтін құжаттар.
     Орындау жазбасын алу үшін:
     1) кепілге билеті;
     2) ломбард берген жеңілдікті бір айлық мерзімнің аяқталуы бойынша 
есептелген берешектің сомасы мен мерзімін растайтын құжат;
     3) берешектің сомасы мен оны төлеудің мерзімі туралы борышкерге 
жолданған жазбаша ескерту ұсынылады.
<*>

     
                          10-тарау
                    Қорытынды ережелер
     
     16. Мүдделі тұлғалардың арасында туындаған жасалған орындау 
жазбасына негізделген борыш сомасының дұрыс есептелмегендігі туралы 
дау - сот тәртібімен қаралады.
      
                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        1999 жылғы 12 мамырдағы
                                           N 565 қаулысына
                                             қосымша
     
             Үкіметтің кейбір күші жойылған шешімдерінің
                              Тізбесі
     


      1. "Нотариалдық қызметті іске асыратын органдардың атқару жазбаларының негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976 жылғы 3 желтоқсандағы N 539 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1977 ж., N 1, 1-құжат).
      2. "Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976 жылғы 3 желтоқсандағы N 539 қаулысымен бекітілген "Нотариалдық қызметті іске асыратын органдардың атқаруы жазбаларының негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін құжаттардың тізбесінің 43-тармағын ішінара өзгерту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1978 жылғы 8 қыркүйектегі N 354 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1978 ж., N 19, 71-құжат).
      3. "Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976 жылғы 3 желтоқсандағы N 539 қаулысымен бекітілген "Нотариалдық қызметті іске асыратын органдардың атқару жазбаларының негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін құжаттардың тізбесінің XVI бөліміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1984 жылғы 10 мамырдағы N 171 қаулысы.
      4. "КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1984 жылғы 13 наурыздағы Жарлығына байланысты Қазақ КСР Үкіметінің кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылған деп тану туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 10 қарашадағы N 440 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1986 ж., N 24, 81-құжат).
      5. "Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976 жылғы 3 желтоқсандағы N 539 қаулысымен бекітілген Нотариалдық қызметті іске асыратын органдардың атқару жазбаларының негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін құжаттардың тізбесін толықтыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 2 наурыздағы N 91 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1987 ж., N 7, 23-құжат).
      6. "Пәтерлерді (үйлерді) азаматтардың жеке меншігіне сату және

оларды күтіп ұстау мен жөндеуге арналған шығындарды төлеу туралы үлгі 
ережені бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақ 
Республикалық кәсіптік одақтар кеңесінің 1989 жылғы 10 шілдедегі N 211 
қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1989 ж., N 16, 57-құжат).
     

  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.