"Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 479

      Есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тасымалдау үшiн жауапкершiлiктi белгілейтiн заңдарды қолданудың бiрегейлiгiн қамтамасыз ету, осы санаттағы iстердiң заңды шешiлуi сапасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы "Есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсiру жөнiндегi iстер бойынша заңдарды қолдану туралы" N 3 P98003s_ қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсін:
      1. 7-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Есiрткi, психотроптық заттарды, сондай-ақ прекурсорларды заңсыз тасымалдау ҚР "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Z980279_ Заңының 1-бап 12-тармағына сәйкес оларды тасымалдау тәсiлiне қарамастан орын ауыстыруы жөнiндегi кез келген қасақана жасалатын әрекеттер - оларды заңсыз тасымалдау болып табылатынын түсiндiру қажет.
      Тасымалдауды есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз пайдаланып жүрген адамдар, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша басқа да адамдар жүзеге асыра алады. Аталған заттарды орнын ауыстыруды басқаларға тапсырған адам тасымалдауды ұйымдастырушы, ал егер, тасымалдауды қылмыстық заң бойынша жауапкершiлiкке тартылмайтын (мысалы, есi дұрыс емес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн жасы толмаған, немесе заттың сипаты туралы хабарсыз) адамдарға тапсырса, онда тiкелей орындаушы ретiнде жауапқа тартылады.
      Көлiкпен келе жатқан адамның есiрткi, психотроптық заттарды заңсыз тасымалдауын заңсыз сақтаудан ажырату үшiн басшылыққа айыпталушының пиғылын алу керек. Мұндайда табылған есiрткi, психотроптық заттардың мөлшері, көлiкпен жүру мақсаты, көлiк түрі және iстiң басқа да айыпталушының пиғылы оларды заңсыз тасымалдау үшiн немесе сақтау үшiн бағытталғаны туралы тұжырым жасауға мүмкiндiк беретiн мән-жайларды ескеру керек.
      Есiрткi немесе психотроптық заттарды, аспаптарды немесе оларды жасау үшiн қолданылатын құралдарды, прекурсорларды бiр жаққа заңсыз жiберу деп оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалануды түсiну керек".
      2. 11-тармақтың бірінші абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Аталған заттардың немесе құралдардың көп емес, көп және аса көп мөлшерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы " Қадағалауға жататын есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы" N 186 P980186_ қаулысымен бекітілген және 1998 жылғы 29 сәуірден бастап

 

күшіне енген Тізімге және Жиынтық кестесіне сәйкес, ал егер қылмыс аталған

уақытқа дейін жасалған болса - КССР Денсаулық министрлігі жанындағы

Есірткі заттарды қадағалау жөніндегі тұрақты комитетінің 1990 жылғы 16

желтоқсандағы N 16 Қорытындысы негізінде анықтаған жөн".


     Қазақстан Республикасы

     Жоғарғы Сотының Төрағасы


     Қазақстан Республикасы

     Жоғарғы Сотының судьясы,

     Пленум хатшысы


     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Қасымбеков Б.