"Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 271. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.28. N 2001 қаулысымен. ~P002001

      Жоғары Сот Кеңесінің материалдарын қарай келіп, "Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы" U952694_ Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығының 50-бабына сәйкес:
      1. Ақмола облысы Шортанды ауданының судьясы Е.Х.Құзғановтың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
      Әділет біліктілік алқасының 1998 жылғы 12-13 қарашадағы шешімінің судьяға қойылатын талаптарды орындамауына байланысты Е.Х.Құзғановты қызметінен босатуға ұсыным беру жөніндегі бөлігі күшінде қалдырылсын.
      2. Н.П.Червякованың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
      Әділет біліктілік алқасының 1998 жылғы 17-18 қыркүйектегі

 

шешімінің Н.П.Червякованы атқаратын қызметіне сәйкес келмеуіне

байланысты босатуға ұсыным беру жөніндегі бөлігі күшінде қалдырылсын.

     3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тәртіптік алқасының 1998

жылғы 3 желтоқсандағы шешімімен Алматы қалалық соты азаматтық істер

жөніндегі сот алқасының төрағасы С.В.Лобачка берілген жаза неғұрлым

жеңіл жаза - қатаң сөгіспен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


     Оқығандар:

          (Қасымбеков Б.А.)

          (Икебаева Ә.Ж.)