Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 270

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат) 23 және 35-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Теңізмұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына Атырау облысындағы Орталық-Шығыс Ойық мұнай кен орнының батыс алаңында көмірсутегі шикізатын барлауға және өндіруге лицензия берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі бір айлық мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Теңізмұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кен орнында мұнайды барлауды және өндіруді қаржыландыруының схемасы туралы

 

хабарласын.

     3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз

компаниясы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамының мәселелері" туралы 1998

жылғы 16 мамырдағы N 442 


P980442_


  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     1-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



  Оқығандар:    

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.