Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 мамырдағы N 451 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 ақпан N 172. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.11. N 943 қаулысымен. ~P010943

      1999 жылы және одан кейінгі жылдары қазынашылық органдарының шоттарындағы ақшаны басқарудың ұтымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны 1998 жылы Қазақстан Республикасының банктеріндегі салымдарға орналастыруының тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы N 451 P980451_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 15, 131-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      атауындағы, 1 және 2-тармақтарындағы "1998 жылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны 1998 жылы Қазақстан Республикасының банктеріндегі салымдарға орналастыруының тәртібі туралы ережеде:
      атауындағы "1998 жылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      кіріспесіндегі "Заңдарына" деген сөз "Заңына" деген сөзбен ауыстырылсын, "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтағы "1998 жылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тармақтағы "1998 жылдың" деген сөз "тиісті қаржы жылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы "10 күннен аспауы" деген сөздер "3 банктік күннен аспауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы "5" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын;
      22-тармақтың төртінші абзацындағы "түскені туралы" деген сөздер "аударылғаны туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақ "және/немесе кепілдің сомасын шетелдік валютада банктің

- кепіл берушінің шотына аударады" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Қаржы министрлігі жыл сайын Қазақстан Республикасының 
Үкіметіне уақытша бос ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан 
Қазақстан Республикасының банктеріндегі салымдарға орналастырудың 
барысы мен нәтижелері туралы баяндасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Орынбекова Д.