Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі Мұхтар Қабылұлы Әблязов Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілі болып тағайындалсын.
2. Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілі міндетінен босатылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 24 маусымдағы N 591
қаулысына мынадай өзгерістер
енгізілсін:
1-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары -
Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы" деген сөздер
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.