Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің су ресурстары жөніндегі облыстық комитеттерін мемлекеттік су шаруашылығы жөніндегі кәсіпорындар етіп қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 1359

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Z931500_ Заңының 18-бабына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы 1993 ж., N 8, 202-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 924 P980924_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     аталған қаулының 2-қосымшада:

     реттік нөмірі 2-жолдағы "Атауы" деген бағанадағы "Әскерге шақыруды

жүргізу" деген сөздер "Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті жүзеге асыру

жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Оқығандар:

Орынбекова Д.

Кобдалиева Н.