Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 қазандағы N 1039 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 7 желтоқсан N 1255

      Тиісті өкілеттіктердің "ҚХЖБ-топ" жабық акционерлік қоғамынан "Шағын

 

кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына берілуіне байланысты

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өнеркәсіп саясатын және отандық

тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауды іске асыру жөнінде мақсатты топ

құру туралы" 1998 жылғы 15 қазандағы N 1039 


P981039_


  қаулысына мынадай

өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

     1) Өнеркәсіп саясатын және отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік

қолдауды іске асыру жөніндегі Үкіметтік мақсатты топтың құрамына

енгізілсін:

     Үмбетов Алтынбек      - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту

     Смағұлұлы               қоры" жабық акционерлік

                             қоғамының президенті


     2) Иванов Виктор Михайлович, Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы аталған

құрамнан шығарылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі