Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қаңтардағы N 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 1 желтоқсан N 1218

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы

 

N 144 


R970144_
 

  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

     2-тармақта:

     "Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және

сауда вице-министрі" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Энергетика,

индустрия және сауда вице-министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

директорының бірінші орынбасары" сөздерімен ауыстырылсын;

     ведомствоаралық несие комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:


     Тұрысжан Дархан       - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Бекболатұлы             индустрия және сауда министрлігінің

                             Экономикалық талдау және инвестициялық

                             саясат департаменті инвестициялық

                             саясат басқармасының бастығы


     Асылбеков Азамат      - Қазақстан Республикасының Әділет

     Ермекұлы                министрлігі Заңдар және халықаралық

                             құқық департаментінің жетекші маманы;


     Б.М.Мәдиев, Ғ.Б.Тоқсанбаев көрсетілген құрамнан шығарылсын.


     Премьер-Министр


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.