Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қаңтардағы N 17 және 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 16 қазандағы N 1053

     Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры үйінің ерекше бірегейлігін, оны қайта жаңартудың, қайта қалпына келтіру мен жаңғыртудың маңыздылығын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау

 

министрлігінің Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және

балет театры үйін қайта жаңарту, қалпына келтіру мен жаңғырту үшін Алматы

қаласының әкіміне қажетті жұмыстардың тапсырысшысы құқығы мен міндеттерін

жүктеу туралы ұсынысына келісім берілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі