Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 қазандағы N 1048 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Зейнетақы төлемдерiн алушыларды мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету және олардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында қаулы етемiн:
     1. 1998 жылғы 1 қарашадан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде алуға құқығы бар зейнетақы төлемдерiн алушыларға зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi кемiнде 3000 теңге болып, толық емес көлемiнде мөлшерi заңдарда айқындалатын тәртiппен белгiленсiн. 
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi зейнетақыларының белгiленген мөлшерiн 1998 жылғы 1 желтоқсаннан бастап төлеудi қамтамасыз етсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi