Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 8 қазан N 1017

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

     аталған қаулының "Шығыстарын мемлекеттік бюджеттен қалыптастыратын

мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражаттарын алушылардың тізбесі" деген

3-қосымшасында:

     реттік нөмірі 24-жол алынып тасталсын;

     реттік нөмірі 30-жолдағы "Орталық мемлекеттік архив" деген сөздер

"Ұлттық ғылыми-техникалық орталық" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі