Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу-Конечная" темір жол желісін салу және уақытша пайдалану дирекциясы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 4 қыркүйек N 836

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған

 

Іс-қимыл бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы"

республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің тиімділігін арттыру үшін

қосымша өндіріс құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы

етеді:

     "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына

шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу-Конечная" темір жол желісін салу және

уақытша пайдалану дирекциясы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат

берілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


    Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.