Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 19 тамыздағы N 770. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.29. N 343 қаулысымен.

      "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 маусымдағы N 4003 U984003_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах" мемлекеттік компаниясы жарғылық капиталында мемлекеттің 100 проценттік қатысу үлесі бар жабық үлгідегі акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының шетелдік сақтандыру жөніндегі "Қазақинстрах" мемлекеттік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 қаңтардағы N 71 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 41-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер

 

енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 


P961031_


  қаулысымен (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат) бекітілген Қазақстан

Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің

29-тармағының күші жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі