Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 728

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә. Жандосов, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Экономикалық жоспарлау жөніндегі комитетінің төрағасы Р.В.Солодченко белгіленсін.
      2. "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қарашадағы N 1648 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі