Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 1 шiлде N 623. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.31. N 1381 қаулысымен. ~P981381

      "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 8 маусымдағы Заңына Z980231_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Жол қорының қаражатын қалыптастыру туралы ереже;
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      3. "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 P960221_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың күшi жойылған деп танылсын:
      3-тармақта:
      екiншi абзац "кәсiпорындары" деген сөзден кейiн "Алматы қаласы жол қорының қаражатын - қаланың әкiмi өзi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзац алынып тасталсын;
      4-тармақ "әкiмдерiне" деген сөзден кейiн "Алматы қаласы жол қорының қаражатын пайдалануға жауапкершiлiк - Алматы қаласының әкiмiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ төртiншi абзацы алынып тасталсын;
      аталған қалуының 2-қосымшасында:
      1-тармақ "шаруашылық автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 жаңа тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi жергiлiктi атқарушы органдардың балансында болады.";
      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Қалалар мен өзге де елдi мекендер көшелерiнiң ұзындығы ретiнде тиiстi қалалар мен елдi мекендер шекараларының шегiндегi қашықтық алынады.";
      4. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы

органдары, сондай-ақ ведомстволары Жол қоры мәселелерi бойынша бұрын
қабылданған өз актiлерiн "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 8 маусымдағы
Заңына және осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және
жариялануға жатады.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 1 шiлдедегi
                                           N 640 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

                 Қазақстан Республикасы Жол қорының
                   қаражатын қалыптастыру туралы
                               ЕРЕЖЕ

                         1. Жалпы ережелер



      1. "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына және "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жол қорының кiрiстерiн қалыптастырудың көздерi мыналар болып табылады:
      1) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру, шығу және транзитпен жүрiп өту ақысы;
      3) бензиннен және дизель отынынан алынатын алым;
      4) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн ақы;
      5) мыналар кiретiн өзге түсiмдер:
      автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiне сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ақы;
      рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн ақы;
      шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының аумағынан тасымал жасағаны үшiн ақы;
      Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрiлген зиянды өтеудiң есебiне өндiрiп алынған қаражаттар.
      Басқа түсiмдердiң құрамына енгiзiлген ақылар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн ставкалар бойынша алынады.
      2. Республикалық Жол қорына мыналар есептеледi:
      автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының 50 процентi;
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру, шығу және транзитпен жүрiп өту үшiн ақының 100 процентi;
      бензин мен дизель отынынан алынатын алымның 100 процентi;
      республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүргенi үшiн ақының 100 процентi;
      республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiне сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ақының 100 процентi.
      3. Облыстық жол қорына мыналар есептеледi:
      автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдарының 50 процентi;
      жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргенi үшiн ақының 100 процентi;
      жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiне сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ақының 100 процентi.
      4. Рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi үшiн ақы, шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалдауды орындағаны үшiн ақы, сондай-ақ Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрген зиянды өтеудiң есебiне өндiрiп алынған қаражаттар автомобиль жолдарының маңызына қарай республикалық және облыстық жол қорларына есептеледi.
      5. Заңды және жеке тұлғалар (төлемшiлер) республикалық және облыстық жол қорларына төлемдердi жеке төлем тапсырмаларымен, қолма-қол ақшаны енгiзуге жеке хабарландырулармен немесе қолма-қол ақшамен жүргiзедi.
      Жол қорының қаражаты Қазынашылық органдарының тиiстi банктiк шотында, республикалық Жол қорының ақшасы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң тиiстi ағымдағы шотында, облыстық жол қорының қаражаты - автомобиль жолдары қазыналық кәсiпорындарының тиiстi ағымдағы шоттарында жинақталады.
      Ағымдағы жылы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және ұстауға, сондай-ақ олардағы құрылыстарға пайдаланылмаған қаражат келесi жылы өзiнiң мақсатты арналуын сақтайды.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Жол қорына қаражаттарды енгiзудiң уақытылығына, толықтығына және дұрыстығына бақылау жасайды.
      7. Республикалық Жол қорына ақша оның облыстардағы субшоттарынан әр айдың 5, 15 және 25-күндерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң тиiстi банктiк шотына аударылады.
      8. Бензин мен дизель отынынан алынатын алымның 30 процентi республикалық Жол қорынан облыстық жол қорлары мен Алматы қаласының жол қорына мiндеттi аударылуға жатады.
      9. Заңдарда белгiленген тәртiппен Алматы қаласында тiркелген төлемшiлерден республикалық Жол қорына түсетiн тиесiлi төлемдердi Алматы қаласының жол қорына есептеу осы төлемдердi бөлудiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тетiгiне сәйкес жүргiзiледi.
      10. Жол қорына төлемдер енгiзу үшiн жауапкершiлiк:
      осы Ережеде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төлемдердi тиiстi жол қорларына есептеудiң дұрыстығы мен төлеудiң уақытылғын қамтамасыз етуге;
      төлем құжаттарында төлемнiң арналуы мен төлеу кезеңiн көрсетуге;
      тиiстi салық органдарының қызметкерлерiне Жол қорына төлемдердi есептеу мен төлеудiң дұрыстығын тексеруге рұқсат етуге, олардың талап етуi бойынша қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуға;
      өзiнiң орналасқан жерiндегi салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15 күнiне дейiн Жол қорына төлеуге жататын және iс жүзiнде енгiзiлген төлемдер сомаларының есебiн белгiленген нысандар бойынша ұсынуға;
      банктiк реквизиттерi өзгерген кезде ол туралы Жол қорына қаражаттардың енгiзiлуiнiң толықтығына, дұрыстығына және уақыттылығына бақылауды жүзеге асыратын салық органдарына уақтылы хабарлауға мiндеттi төлемшiлерге жүктеледi.
      11. Салық органдары және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң тиiстi бөлiмшелерi:
      жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жол қорына төлемдер түсуi тиiс банктiк реквизиттер мен банктiк шоттарының нөмiрлерiн хабарлауға;
      төлемшiлерге төлемдердi Жол қорына есептеудiң тәртiбi мен енгiзу мерзiмдерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарлауға;
      Жол қорына түскен төлемдердiң бөлек есебiн жүргiзуге;
      он күн сайын Жол қорын құру көздерiнiң тұрғысында түскен сомалар бойынша жоғары тұрған ұйымдардың алдында есеп беруге;
      өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде алынған Жол қорының төлемшiлерi туралы мәлiметтердi құпияда сақтауға мiндеттi.
      Салық органдары қаражаттың Жол қорына түсуiнiң толықтығын қамтамасыз ету мақсатында төлемдердiң Жол қорына есептелуiнiң дұрыстығын бiрлесiп тексеру үшiн автомобиль жолдарының тиiстi қазыналық кәсiпорындарының қызметкерлерiн тарта алады.
      12. Банктер және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн орындайтын бақса да ұйымдар:
      заңдарда белгiленген бiрiншi кезектi төлемдерден кейiн екiншi кезекте төлемшiлердiң олардың банктiк шоттарынан Жол қорына төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмаларын, сондай-ақ салық органдарының төлемшiлерден белгiленген мерзiмдерде Жол қорына енгiзiлмеген сомаларды және оларды уақытында төлемегенi үшiн өсiмдердi өндiрiп алуға арналған инкассалық тапсырмаларын (өкiмдерiн) атқаруға;
      төлемшiлердiң банктiк шоттарынан алынатын қаражатты ақшаны есептен шығару жөнiнде операция жүргiзiлген күнi республикалық және облыстық жол қорларының банктердегi және жекелеген банк операцияларын жүзеге асырушы басқа да ұйымдардағы тиiстi шоттарына есептеуге (аударуға);
      күн сайын салық органдарына Жол қоры төлемшiлерiнен түскен сомалар мен олардың төлем тапсырмалары туралы тiзiлiмдердi, ал автомобиль жолдарының қазыналық кәсiпорындарына - тiзiлiмдердiң көшiрмелерiн ұсынуға;
      Жол қорына қаражаттардың енгiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асыратын органдарға Жол қорына төлемдерге байланысты мәселелер бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар беруге мiндеттi.
      13. Клиент-төлемшiлердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған сомаларды Жол қорына есептеудi (аударуды) кешiктiргенi үшiн, төлемдердi Жол қорына есептен шығаруды кешiктiргенi үшiн, төлемшiлерге Жол қорына төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын (өкiмдерiн) орындамай негiзсiз қайтарғаны үшiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың банктiк шоттарынан төлем сомаларын және санкция сомаларын есептен шығарудың кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн Жол қорына банктерге және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы басқа да ұйымдарға Жол қорына уақытында төленбеген сомалардың кешiктiрiлген әрбiр күнi үшiн (төлем күнiн қоса алғанда), осы сомаларды төлеген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,2 еселенген мөлшерiнде, өтем өндiрiп алу түрiнде санкция қолданылады. Төлемшiлерден бұл күндер үшiн өтем алынбайды.
      14. Жол қорына уақтылы төленбеген төлем сомаларын, оның iшiнде ағымдағы төлемдердi салық органдары төлемшiлердiң шоттарынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы сомаларды төлеу күнi белгiлеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1, 2 еселенген мөлшерiнде, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлем жасау күнiн қоса алғанда) өсiм есептей отырып алады.
      15. Жол қорына есептелген төлем сомасымен немесе салық органдарының өзге де шешiмдерiмен келiспеген төлемшi өз дәлелдерiн баяндай отырып және өтiнiшi негiзделген құжаттарды көрсете отырып, оны қайта қарау туралы өтiнiммен осы шешiмдi шығарған салық органына жүгiне алады. Салық органдары төлемшiнiң қайта қарау туралы өтiнiмiн қарайды, ол бойынша негiздi шешiм шығарады және бұл туралы төлемшiге осы өтiнiм түскен күннен бастап есептегенде 30 күннiң iшiнде хабарлайды.
      Салық органының шешiмiне жоғары тұрған салық органында немесе сотта қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен және шарттарда шағым жасалуы мүмкiн. Жоғары тұрған салық органы шағымға 30 күннiң iшiнде жауап бермеген жағдайда өтiнiм келесi жоғары тұрған органға берiлуi мүмкiн.
      16. Жол қорына артық енгiзiлген төлем сомаларын салық органдары алдағы төлем жасаудың есебiне есептейдi немесе ол қайтарылуға тиiс.
      Артық енгiзiлген төлем сомаларын төлемшiлерге қайтару олардан жазбаша өтiнiш алынған күннен бастап 20 күндiк мерзiм iшiнде жүргiзiледi.
      Артық енгiзiлген төлем сомаларын қайтаруға салық органдары қазыналық кәсiпорындарға берген Жол қорына төленетiн жарналардың тiзiлiмi мен төлемшiнiң анықтама-есебi негiз болады.
      Жол қорына автомобиль жолдарының қазыналық кәсiпорындары артық енгiзген сомалардың қайтарылғаны туралы ақпарат салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 5 күнiне дейiн ұсынылады.
      Артық төленген соманы төлемшiлердiң өтiнiшi бойынша немесе Жол қорына дұрыс ұсталмаған сомаларды (салық органдарының нұсқауы бойынша) уақытылы қайтармауды автомобиль жолдарының қазынашылық кәсiпорындары әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн (төлем жасалған күндi қоса алғанда) осы Ереженiң 15-тармағында көзделген мөлшерде өсiм төлей отырып жүзеге асырады.
      Артық төленген төлем сомаларын төлемшiнiң өтiнiшi бойынша қайтарудың уақытылы жүргiзiлмегенi үшiн төлемшiнiң пайдасына өсiм есептеу оның өтiнiшi түскеннен кейiнгi 21-күннен бастап есептеледi. Салық органы дұрыс ұстамаған сома үшiн төлемшiнiң пайдасына өсiм есептеу дұрыс ұсталмаған күннен кейiнгi күннен бастап тек төлем сомаларына (оның iшiнде ағымдағы) есептеледi. Есептелген өсiм сомаларына өсiм есептелмейдi.
      17. Салық органдары Жол қорына есептелген төлем сомаларын салық салынатын кезең өткеннен кейiнгi 3 жылдың iшiнде есептей немесе қайта қарай алады. Дәл осы кезеңнiң iшiнде төлемшi ақшаны қайтаруды немесе өзiнiң алдағы төлемдер жөнiндегi мiндеттемелерiнiң есебiне есептеудi талап ете алады.
      Егер төлемшiнiң өзi не аудиторлық қызметтiң көмегiмен Жол қоры туралы заңды бұзғанын анықтаса, ол тиiстi төлем және өсiм сомаларын заң бұзушылыққа жол берiлген сәттен бастап Жол қорына қосымша төлем сомасын енгiзген сәтке дейiн айқындалған мөлшерде енгiзуге, сондай-ақ өзi тұрған жердегi салық органына қосымша есептелген және Жол қорына енгiзiлген төлемдер мен өсiмдердiң сомалары туралы хабарлауға мiндеттi.

               2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың
                             аударымдары

      18. Заңды тұлғалар автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына ай сайынғы аударымдарын төлемшiлер болып табылады.
      19. Төлемдердi есептеудiң базасы төлемшiнiң жылдық жиынтық кiрiсi болып табылады.
      20. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары қызмет түрiне қарамастан заңды тұлғалардың жиынтық жылдық кiрiсiнiң (мемлекеттiк бағалы қағаздардан түскен кiрiстердi қоспағанда) 0,1 процентi ставкасы бойынша төленуге тиiс.
      21. "Жылдық жиынтық кiрiс" деген термин салық заңдарында айқындалған ұғымда қолданылады.
      22. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударым сомаларын төлемшiлер салық есебi мен есептiлiгiнiң деректерi бойынша өз бетiнше айқындайды және есептi айдағы жиынтық кiрiске сүйене отырып, республикалық және облыстық жол қорларының тиiстi шоттарына ай сайын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен келiсiлiп басқа төлем мерзiмдерi белгiленген жағдайларды қоспағанда, келесi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей төлейдi.
      Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың сомаларын төлемшiлердiң аударуы шегерiмге жатады.
      23. Заңды тұлғалардың филиалдары, өкiлдiктерi, бөлiмшелерi және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi үшiн автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына аударымдары өздерi орналасқан жерде жүргiзiледi.
      24. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, меншiк нысандарына қарамастан, шетелдiк және шетел фирмаларымен бiрлесiп құрылған заңды тұлғаларды қоса алғандағы заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкiлдiктерi және оларға теңестiрiлген ұйымдар салық салынатын кiрiстi теңгеде белгiлейдi. Салық салынатын кiрiс шетел валютасында көрсетiлген жағдайда ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аударым жасау кезiндегi ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi.
      25. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын төлеуден мынадай заңды тұлғалар босатылады:
      Қазақстан Республикасының Мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-ой және дене дамуы бұзылған балалар мен жас өспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалту орталығы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң қазақ республикалық ұйымы (өндiрiстiк ұйымдарын қоспағанда), сауда-делдалдық қызметтен, акцизделетiн тауарларды өндiру мен сатудан түскен кiрiстерiн қоспағанда, Асырауында балалары бар мүгедек әйелдердiң "Бибi Ана" республикалық қоғамы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
      коммерциялық емес ұйымдар - кәсiпкерлiк қызметтi қоспағанда, жарғылық қызметiнен;
      халықаралық ұйымдар - Үкiмет бекiткен тiзбе бойынша;
      тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жасаумен айналысатын, қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк ұйымдар.

          3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру,
             шығу және транзитпен жүрiп өту үшiн ақы төлеу

      26. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру, шығу және транзитпен жүрiп өту үшiн ақыны халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi.
      27. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру, шығу және транзитпен жүрiп өту үшiн ақының ставкалары, тәртiбi, есептеу мен енгiзу шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      28. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру, шығу және транзитпен жүрiп өту құқығына рұқсаттарды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кеден органдары бередi.
      29. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру, шығу және транзитпен жүрiп өту үшiн ақыны жинауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кеден органдары жүзеге асырады.
      30. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiруге, шығуға және транзитпен жүрiп өтуге рұқсат бергенi үшiн алынған ақша әр айдың 3, 13 және 23 күндерi олардың банктiк шоттарынан республикалық Жол қорының субшоттарына аударылады.

           4. Бензиннен және дизель отынынан алынатын алым

      31. Бензиннен және дизель отынынан алынатын алымды төлеушiлер:
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген бензин мен дизель отынын оларды өндiрушiлерден сатып алатын;
      Қазақстан Республикасының аумағында бензин мен дизель отынын өндiруге арналған өңдеме шикiзатты беретiн;
      бензин мен дизель отынын Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
      Бензин мен дизель отынынан алынатын алым теңгемен төленедi.
      32. Бензин мен дизель отыны үшiн алынатын алымды:
      сатып алушыларға оларды босатқан кезде - өндiрушi;
      оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде - кеден қызметi органдары ұстап қалады.
      Өңдеме шикiзаттан бензин мен дизель отынын өндiру кезiнде алымды олар берiлген кезде ұсталады.
      33. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген бензин мен

дизель отынынан алынатын отын ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап
мынадай мөлшерде белгiленедi:
     бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) - 1 метрлiк тонна үшiн
4000 теңге;
     дизель отыны бойынша - бiр метрлiк тонна үшiн 1000 теңге.
     Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин мен
дизель отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап
мынадай мөлшерде белгiленедi:
     бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) - 1 метрлiк тонна үшiн
10 000 теңге;
     дизель отыны бойынша - бiр метрлiк тонна үшiн 8 000 теңге.
<*>


     ЕСКЕРТУ. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.07.24. N 697
              қаулысымен.  

P980697_

 
     ЕСКЕРТУ. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.11.02. N 1117
              қаулысымен.  

P981117_

 



      34. Бензин мен дизель отынын өндiрушiлер және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң органдары өздерiне қызмет көрсететiн банктерден заңды және жеке тұлғалар төлейтiн бензин мен дизель отынынан алынатын алымды есептеу үшiн "Тапсырмалар бойынша сомалар" деген пайдалану құқығынсыз банктiк шоттар ашады. Аталған шоттардан банктер өз тапсырмалары арқылы ақшаның қалдықтарын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң республикалық Жол қорының субшоттарына аударады.
      35. Бензин мен дизель отынын өндiрушiлер бұл материалдарды жоғарыда аталған шоттарға төленуге тиiстi бензин мен дизель отынынан алынатын алым сомалары түскеннен кейiн босатады.
      36. Импортталатын бензин мен дизель отынын еркiн айналым үшiн кеден органдары жоғарыда көрсетiлген шоттарға бензин мен дизель отынынан алынатын алым сомалары түскеннен кейiн шығарады.
      37. Бензин мен дизель отынынан алынатын алымның Жол қорына ұсталуы, толықтығы және уақыттылығы үшiн жауапкершiлiк осы материалды өндiрушiлерге және кеден қызметi органдарына жүктеледi.
      Жол қорына алымның уақытында ұсталып қалмаған сомалары өндiрушiлерге осы сомаларды төлеу күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,2 еселенген мөлшерiнде, мерзiмi өткен әр күн үшiн (төлем жасау күнiн қоса алғанда) өсiмдi есептей отырып төлеттiрiледi.
      38. Бензин мен дизель отынын өндiрушiлер және кеден органдары тоқсан сайын, есеп беру тоқсанынан кейiнгi айдың 15 күнiне дейiн аумақтық салық органдарына Жол қорына есептелген және енгiзiлген алымның төлемшiлерге шаққандағы сомалары туралы мәлiметтердi ұсынады.
      39. Кеден органдары және темiр жол бөлiмшелерi аумақтық кеден органдарына осы аймаққа әкелiнетiн бензин және дизель отынының көлемi мен осы өнiмдi әкелушi тұлғалар туралы тоқсанына бiр рет ақпарат ұсынады.

              5. Мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарында
                              жүру ақысы

      40. Мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүру ақысын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарына кiретiн кезде төлейдi.
      41. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарын енгiзу қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақылы автомобиль жолдарымен жүру ақысының ставкалары, оны есептеу мен төлеудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
      42. Мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүру ақысының Жол қорына дұрыс және уақтылы түсуiне бақылауды Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге асырады.
      43. Мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүру үшiн алынған ақша автомобиль жолдарының маңызына қарай әр айдың 3, 13 және 23 күндерi Жол қорының тиiстi банктiк шоттарына есептеледi.

        6. Автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiнде сервис және
           жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ақы төлеу

      44. Автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiнде сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ақыны қызмет көрсетулердiң сервистiк түрiн және жарнаманы жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi.
      45. Автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiнде сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ақыны есептеудiң тәртiбiн және оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      46. Автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiнде сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн ақының Жол қорына дұрыс және уақтылы түсуiне бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге асырады.
      47. Автомобиль жолдарының бөлiнген жиегiнде сервис және жарнама объектiлерiн орналастырғаны үшiн алынған ақша автомобиль жолдарының маңызына қарай әр айдың 3, 13 және 23 күндерi Жол қорының тиiстi банктiк шоттарына есептеледi.

          7. Рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр
             салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының
             Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн
             ақы төлеу

      48. Рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн ақыны автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi.
      49. Рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн ақының ставкаларын, оны есептеу мен төлеудiң тәртiбiн, шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      50. Рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүру құқығына "арнайы рұқсаттамаларды" Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бередi.
      51. Рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн ақының Жол қорына дұрыс және уақтылы түсуiне бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге асырады.
      52. Рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн алынған ақша әр айдың 3, 13 және 23 күндерi осы автомобиль жолдарының маңызына қарай Жол қорының тиiстi банктiк шоттарына есептеледi.

        8. Шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының
              аумағынан тасымал жасағаны үшiн ақы төлеу

      53. Шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының аумағынан тасымал жасағаны үшiн ақыны Қазақстан Республикасының аумағынан жүк әкетудi жүзеге асыратын шетел көлiк құралдарының жүргiзушiлерi төлейдi.
      54. Шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының аумағынан тасымал жасағаны үшiн ақының ставкаларын, оны есептеу мен төлеудiң тәртiбiн, шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      55. Шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалдау құқығына рұқсаттарды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бередi.
      56. Шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының аумағынан тасымал жасауға рұқсат бергенi үшiн ақыны жинауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге асырады.
      57. Шетел тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының аумағынан тасымал жасауға рұқсат бергенi үшiн алынған ақша әр айдың 3, 13 және 23 күндерi автомобиль жолдарының маңызына қарай Жол қорының тиiстi банктiк шоттарына есептеледi.

        9. Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану
           ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрiлген
           зиянды өтеудiң есебiне алынған қаражат

      58. Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрiлген зиянды өтеудiң есебiне алынған қаражатты төлеушiлер осыған кiнәлi заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
      59. Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану

ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрiлген зиянды заңды
және жеке тұлғалардың өтеуi Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүргiзiледi.
     60. Автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану
ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрiлген зиянды заңды
және жеке тұлғалардың өтеуiнен алынған ақша автомобиль жолдарының
маңызына қарай Жол қорының тиiстi банктiк шоттарына есептеледi және
тиiстi автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен қалпына
келтiру үшiн пайдаланылады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 1 шiлдедегi
                                        N 623 қаулысына
                                              қосымша

        Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық
       маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
                              ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
            Жолдардың атауы                          |Ұзындығы, км
___________________________________________________________________
                           1                         |      2
___________________________________________________________________
Самара-Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары     |  2065
арқылы, Ақтөбе қаласына кiредi                       |
                                                     |
Екатеринбург-Алматы, Қостанай, Қарағанды, Балқаш     |  2115
қалалары арқылы, Қостанайға Қарағандыға және         |
Астанаға кiредi                                      |
                                                     |
Омбы-Майқапшағай, Павлодар, Семей қалалары арқылы    | 1105
                                                     |
Алматы-Қордай-Благовещенка-Мерке-Тараз-Шымкент-Таш.  |  888
кент-Термез                                          |
Челябi-Новосiбiр, Петропавл, Омбы қалалары арқылы    |  220
                                                     |
Ақтөбе-Атырау-Астрахань                              |  912
                                                     |
Мамлютка-Қостанай                                    |  398
                                                     |
Жезқазған-Петропавл, Арқалық қаласы арқылы           |  948
                                                     |
Астана-Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы             |  470
                                                     |
Қызылорда-Павлодар, Жезқазған, Қарағанды қалалары    |  1353
арқылы                                               |
                                                     |
Семей-Новоалтай                                      |  113
                                                     |
Алматы-Өскемен                                       |  1095
                                                     |
Сарыөзек-Хоргос                                      |  246
                                                     |
Таскескен-Бақты                                      |  190
                                                     |
Атырау-Орал                                          |  495
                                                     |
Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай         |  547
Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетiбай-Ақтау   |  781
                                                     |
Қарағанды-Аягөз                                      |  687
                                                     |
Мерке-Бөрiбайтал                                     |  273
                                                     |
Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал, Шонжы селосына кiредi    |  305
                                                     |
Үшарал-Достық                                        |  184
                                                     |
Астана-Ерейментау-Шiдертi                            |  252
                                                     |
Көкпек-Кеген-Түп                                     |  115
                                                     |
Көкшетау-Рузаевка                                    |  196
                                                     |
Ақшатау-Ағадыр-Ортау-"Қызылорда-Павлодар" мемжолы    |  195
                                                     |
Қостанай-Әулиекөл-Сурган                             |  257
                                                     |
Бузулук-Есiл-Жақсы                                   |  82
                                                     |
Семей-Қайнар                                         |  284
                                                     |
Бурабай курорт аймағының жолдары                     |  66
                                                     |
Жетiбай-Жаңа Өзен-Фетисово-Түркменстан               |  237
Республикасының шекарасы, Бегдаш қаласына шығады     |
                                                     |
Астана қаласының әуежайына кiрме                     |  17
                                                     |
Астана қаласын Шығыстан айналып өту                  |  8
                                                     |
Астана қаласын Солтсүтiк айналып өту                 |  14
                                                     |
"Алматы-Көктал" мемжолы - Байсерке-Междуреченск-     |  52
"Екатеринбург-Алматы" мемжолы                        |
                                                     |
Қапшағай-Күртi                                       |  67
                                                     |
Ақсай-Шонжы-Қалжат-Қытай Халық Республикасының       |  160
шекарасы                                             |
                                                     |
Ақтөбе-Мартук-Ресей Федерациясының шекарасы,         |  102
Орынбор қаласына шығады                              |
                                                     |
Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы, Ор қаласына    |  135
шығады                                               |
                                                     |
Тараз қаласынан айналып өту                          |  28
                                                     |
Тараз-Үтмек-Қырғызстан Республикасының шекарасы      |  14
                                                     |
Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбектан Республикасының шекарасы     |  80
                                                     |
Қарағанды қаласының әуежайына кiрме                  |  12
                                                     |
Өскемен-Лениногор-Ресей Федерациясының шекарасы      |  167
                                                     |
Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы      |  120
                                                     |
Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы,   |  62
Есiл қаласына шығады                                 |
                                                     |
Көкшетау-Кiшкенекөл-Бидайықты-Ресей Федерациясының   |  274
шекарасы, Омбы қаласына шығады                       |
                                                     |
Көкшетау қаласын айналып өту                         |  18
                                                     |
Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы       |  152
                                                     |
Павлодар-Шарбақты-Ресей Федерациясының шекарасы      |  112
                                                     |
Орал-Каменка-Ресей Федерациясының шекарасы, Озинки   |  100
қаласына шығады                                      |
                                                     |
Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы,  |  144
Илек қаласына шығады                                 |
___________________________________________________________________
Барлығы                                              |  18912
___________________________________________________________________