"Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 U973700_ Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 19 наурыздағы N 3872 U983872_ Жарлығын iске асыру және бюджет жүйесiнiң баланстылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Жоғарыда көрсетiлген Жарлықтың 1-тармағының қолданылуы кезеңiне Ақмола арнайы экономикалық аймағының бюджетiнен Ақмола облысының бюджетiне аударымдардың мөлшерi 4362964 мың (төрт миллиард үш жүз алпыс екi миллион тоғыз жүз алпыс төрт мың) теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi