Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 372 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Көрнектi тарихшы-ғалым, Қазақстан мәдениеттану iлiмi мен отандық шығыстанушылар ғылыми мектебiнiң негiзiн қалаушы, академик Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтi мәңгi есте сақтау мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Шығыстану институтына академик Р.Б.Сүлейменовтың есiмi берiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi