Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 шiлдедегi N 929 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегі N 338 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердiң баға деңгейiне бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердiң өнiмдерiне (қызмет көрсетулерiне) тарифтердi қалыптастырудың мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының табиғи монополияшы-шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiне енгiзу туралы шешiмдер қабылдайды;
      олардың өнiмдерiне (көрсететiн қызметтерiне) тарифтердi көтеру тоқсанына бiр реттен жиi жүргiзiле алмайды және әдетте, олардың өсуi ағымдағы жылға арналған индикативтiк жоспарда қабылданған бағалардың өзгеруiнiң шектi индексiнен артпауға тиiс;
      тарифтердi қайта қарау туралы ұсыныстарды табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiне немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне тоқсан басталғаннан 45 күн бұрын бередi;
      тоқсан басталғаннан 20 күн бұрын тарифтердiң жобалары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнде талқылауға шығарылады және тоқсан басталғанға дейiнгi 10 күннен кешiктiрмей табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер жаңа бағалар туралы шешiмдердi республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында (тарифтердiң өзгеру орны бойынша) жариялайды.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi