Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 ақпандағы N 148 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 286.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шілдедегі
N 685 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабының 5-тармақшасына, 11-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облысы әкiмiнiң қаланың шеңберiне Жамбыл, Байзақ аудандары жерлерiнiң ауданы 1383 гектар бөлiктерiн қосу арқылы Тараз қаласының шекарасын өзгерту туралы бiрлескен шешiмi мақұлдансын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi