Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1150 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 279 Қаулысы.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шілдедегi N 667 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi 1998 жылдың 1 тамызына дейiн қайтарылатын етiп, қарыз беру және республикалық бюджет кiрiсiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша, Жамбыл облысы әкiмiнiң кепiлдiк мiндеттемесi бойынша тауарлық несиенi пайдаланған кезеңге ақы төлеу тәртiбiмен мемлекеттiк резервтен Тараз 4-ЖЭО-на 10321 тонна отындық мазут босатсын.
      2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
 
      Премьер-Министр