Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс
басқармасы
462 "Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
автошаруашылығы: республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы
463 Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
"Қазақстан Республикасының
Президентi Әкiмшiлiгiнiң,
Парламентi және Үкiметi
әкiмшiлiк ғимараттарына
қызмет көрсету жөнiндегi
дирекциясы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы
464 Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
"Материалдық-техникалық
қамтамасыз ету базасы"
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны (шаруашылық
жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы
465 Қазақстан Республикасының
Президентi Iс басқармасының
"Ақмола қаласындағы
мемлекеттiк резиденциялар
дирекциясы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)
Ақмола қаласы".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi