Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 19 наурыз N 234. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен. ~P001176

      1. "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы:
      Ақмола қаласында биiктiгi кемiнде 40 қабат Бизнес-Орталық ғимаратын жобалау мен салу жөнiндегi тапсырысшы болсын;
      Бизнес-Орталық ғимаратының құрылысы аяқталғаннан кейiн олардың аудандарға деген мүдделерiнiң барынша қанағаттандырылатынын есепке ала отырып, отандық және шетел инвесторларын қаржыландыруға кеңiнен тарта отырып Бизнес-Орталықтың үйiн жобалау мен салуды қаржыландырудың көздерiн белгiлесiн;
      Ақмола қаласында Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу жөнiндегi мердiгердi қала құрылысы және сәулет саласындағы танымал отандық және шетел заңды тұлғаларын тарта отырып, конкурс негiзiнде бiр ай мерзiм iшiнде белгiлеп, кейiн тиiстi келiсiм-шарт жасассын. Конкурсты қорытындылаған кезде негiзгi өлшемдер болып мыналар белгiленсiн: жобаның, құрылыстың құны, салу мерзiмдерi және сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерi;
      Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу бойынша жеңiмпазды анықтау жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамына Ақмола қаласы әкiмiнiң өкiлiн енгiзсiн.
      2. Ақмола қаласының әкiмi:
      "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына тұрақты жер пайдалану құқығына мемлекеттiк актiнi бере отырып, он күн мерзiм iшiнде Бизнес-Орталықтың ғимаратын салуға жер учаскесiн бөлсiн;
      инженерлiк коммуникацияларды салу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруға үлестiк қатысу жөнiнде шаралар қабылдасын;
      Бизнес-Орталық ғимаратын инженерлiк коммуникациялармен (электр энергиясы, су, канализация, байланыс және басқалары) қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шарттарды берсiн;
      3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қоса қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен келiсiм-шарттар жасассын.
      4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен заңдарда көзделген жеңiлдiктердi берудi көздейтiн инвестициялық келiсiм-шарттарды заңдарда белгiленген тәртiппен жасассын.
 
      Премьер-Министр